«Ak Su KMG» ЖШС (бұдан әрі – Тапсырыс беруші) «Самұрық-Қазына» АҚ-ның және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде «Самұрық-Қазына» АҚ-ға меншік құқығымен тиесілі заңды тұлғалардың сатып алуларын жүзеге асыру тәртібіне «Аудиторлық ұйымды таңдау тәртібі» №13 қосымшаны басшылыққа ала отырып қаржылық есептілік аудиті бойынша қызметтер (Бұдан әрі – Қызметтер) көрсету үшін аудиторлық ұйымды таңдаудың қайталама рәсімін келесі көлемде және мынадай шарттарда өткізу туралы хабарлайды:
«Ak Su KMG» ЖШС, заңды және нақты мекенжайы: Астана қ., Д. Қонаев к-сі, 8 үй. Электрондық пошта: info@aksukmg.kz.
2. Сатып алынатын қызметтер көлемі:
Халықаралық аудит стандарттарына сәйкес көрсетілетін қаржылық есептілік бойынша аудиторлық қызметтер Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес дайындалған тапсырыс берушінің 2021-2023 жылдарға арналған жеке қаржылық есептілігіне аудит жүргізуді көздейді (бұдан әрі – ҚЕХС), «бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен, «Ak Su KMG» ЖШС есеп саясатымен, «Самұрық-Қазына» АҚ аудиторлық ұйымдардың қызметтерін тарту саласындағы саясатымен («Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ Директорлар кеңесінің 27.05.2021 жылғы шешімімен бекітілген, №185 хаттама), а сондай-ақ, Қазақстан Республикасы уәкілетті мемлекеттік органының нормативтік актісімен бекітілген тізбе мен нысандарға сәйкес мыналар көзделеді:
— 3 (үш) дана көлемінде орыс тілінде теңгемен аудиторлық есепті шығара отырып, барлық маңызды аспектілерде ҚЕХС сәйкес қаржылық есептілікті жасаудың дұрыстығы туралы тәуелсіз пікір білдіру мақсатында Тапсырыс берушінің 2021-2023 жылдарға арналған қаржылық есептілігіне аудит жүргізу.
3. Қызметтерді сатып алуға бөлінген сома:
ҚҚС-пен 6 720 000 (алты миллион жеті жүз жиырма мың) теңге, ҚҚС-сыз 6 000 000 (алты миллион) теңге.
4. Аудиторлық ұйымды таңдау рәсіміне қатысуға сұрау салудың көшірмелерін әлеуетті қатысушылардың уәкілетті өкілдері электрондық түрде немесе қағаз жеткізгіштерде: Астана қаласы, Д. Қонаев көшесі, 8-үй мекенжайы бойынша ала алады.
Таңдау рәсіміне қатысуға сұрау салу таңдау рәсіміне қатысуға ресми растау берілгеннен кейін, сондай-ақ Тапсырыс беруші мен әлеуетті қатысушы арасындағы құпиялылық туралы келісімге қол қойылғаннан кейін беріледі.
Қосымша ақпарат алу үшін байланыстар:
— Аға бухгалтер Қанағатова Зарина Еділқызы, Тел. +7 (7172) 78-95-99, эл. пошта: z.kanagatova@kmg.kz;
— Есепші Жұматова Аққайын Ғабитқызы, Тел. +7 (7172) 90-77-13, эл. пошта: a.zhumatova@kmg.kz
5. Таңдау рәсіміне қатысуға ниет білдірген әлеуетті қатысушы:
1) қатысушының таңдау рәсіміне қатысуын немесе қатыспауын ресми растау,
2) таңдау рәсіміне қатысуға сұрау салуда көрсетілген талаптарға сәйкес қызметтер көрсетуге арналған ресми конкурстық ұсыныс.
6. Қатысушылардың ресми конкурстық ұсыныстары Тапсырыс берушіге Астана қаласы, Д. Қонаев көшесі, 8-үй мекенжайы бойынша мөрленген конвертте ұсынылады.
Әлеуетті қатысушылар не олардың уәкілетті өкілдері ресми конкурстық ұсынысты қолма-қол ұсынған кезде әлеуетті қатысушылар не олардың уәкілетті өкілдері әлеуетті қатысушының мүдделерін білдіретін тұлғаларға жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесімен бірге ресми ұсынысты ұсыну құқығына сенімхат ұсынуға тиіс.
7. Қатысудың/қатыспаудың ресми растамалары және қатысушылардың ресми конкурстық ұсыныстары Тапсырыс берушіге: Астана қ., Д. Қонаев к-сі, 8-үй мекенжайы бойынша мынадай мерзімдерде (Астана қ. уақыты)ұсынылады:
Қатысудың/қатыспаудың ресми растамаларын қабылдау мерзімі:
Басталу мерзімі: 2023 жылғы 05 шілдеде сағат 10:00.
Аяқталу мерзімі: 2023 жылғы 04 тамыз сағат 10:00.
Ресми конкурстық ұсыныстарды қабылдау мерзімі:
Басталу мерзімі: 2023 жылғы 07 тамызда сағат 10:00.
Аяқталу мерзімі: 2023 жылғы 06 қыркүйек сағат 10:00.