«Ak Su KMG» ЖШС (бұдан әрі – Тапсырыс беруші) «Самұрық-Қазына» АҚ-ның және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде «Самұрық-Қазына» АҚ-ға меншік құқығымен тиесілі заңды тұлғалардың сатып алуларын жүзеге асыру тәртібіне «Аудиторлық ұйымды таңдау тәртібі» №13 қосымшаны басшылыққа ала отырып, келесі көлемде және мынадай шарттардақаржылық есептілік аудиті бойынша қызметтер көрсету үшін аудиторлық ұйымды таңдау рәсімін өткізу (бұдан әрі – Қызметтер)туралы хабарлайды:
- Тапсырыс берушінің атауы және мекенжайы:
«Ak Su KMG» ЖШС, заңды және нақты мекенжайы: Астана қ., Д. Қонаев к-сі, 8 үй. Электрондық пошта: info@aksukmg.kz.
- Сатып алынатын қызметтер көлемі:
Халықаралық аудит стандарттарына сәйкес көрсетілетін қаржылық есептілік бойынша аудиторлық қызметтер Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (бұдан әрі – ХҚЕС), «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Ak Su KMG» ЖШС есеп саясатына, аудиторлық ұйымдардың қызметтерін тарту саласындағы «Самұрық-Қазына» АҚ саясатына («Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ Директорлар кеңесінің 27.05.2021 жылғы шешімімен, №185 хаттамамен бекітілген) сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органының нормативтік актісімен бекітілген тізбе мен нысандарға сәйкес дайындалған Тапсырыс берушінің 2024 жылғы жеке қаржылық есептілігіне аудит жүргізуді көздейді және мыналарды болжайды:
— 3 (үш) дана көлемінде орыс тілінде теңгемен аудиторлық есепті шығара отырып, барлық маңызды аспектілерде ХҚЕС сәйкес қаржылық есептілікті жасаудың дұрыстығы туралы тәуелсіз пікір білдіру мақсатында Тапсырыс берушінің 2024 жылғы қаржылық есептілігіне аудит жүргізу.
- Қызметтерді сатып алуға бөлінген сома:
ҚҚС-пен 11 200 000,00 (он бір миллион екі жүз мың) теңге, ҚҚС-сыз 10 000 000,00 (он миллион) теңге.
- Аудиторлық ұйымды таңдау процедурасына қатысуға сұрау салудың көшірмелерін әлеуетті қатысушылардың уәкілетті өкілдері электрондық түрде немесе қағаз жеткізгіштерде: Астана қаласы, Д. Қонаев көшесі, 8-үй мекенжайы бойынша ала алады.
Аудиторлық ұйымды таңдау процедурасына қатысуға сұрау салудың көшірмесін электрондық түрде алу үшін ұйымның ресми бланкісінде ресімделген тиісті сұрау салудың электрондық көшірмесін info@aksukmg.kz электрондық поштасына жіберу қажет.
Қосымша ақпарат алу үшін байланыстар:
— Бас бухгалтер Рахметов Арман Набенович, Тел. +7 (7172) 78-65-90, эл. пошта: A.Rakhmetov@kmg.kz;
— Жетекші бухгалтер Канагатова Зарина Эдильевна, Тел. +7 (7172) 78-95-99, эл. пошта: z.kanagatova@kmg.kz
- Таңдау процедурасына қатысуға ниет білдірген әлеуетті қатысушы: таңдау процедурасына қатысуға сұрау салуда көрсетілген талаптарға сәйкес қызметтер көрсетуге арналған ресми конкурстық ұсынысты ұсынуға тиіс.
- Қатысушылардың ресми конкурстық ұсыныстары Тапсырыс берушіге Астана қаласы, Д. Қонаев көшесі, 8-үй мекенжайы бойынша мөрленген конвертте ұсынылады.
Әлеуетті қатысушылар не олардың уәкілетті өкілдері ресми конкурстық ұсыныс берген кезде әлеуетті қатысушылар не олардың уәкілетті өкілдері құжаттарды қабылдау-тапсырудың тиісті актісін, сондай-ақ әлеуетті қатысушының мүдделерін білдіретін тұлғаларға ресми ұсыныс беру құқығына сенімхатты жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесімен бірге ұсынуға тиіс.
Ресми конкурстық ұсыныстарды қабылдау мерзімі:
Басталу мерзімі: 09: 00 сағат, 26 тамыз 2024 жыл.
Аяқталу мерзімі: сағат 11: 00, 25 қыркүйек 2024 жыл.