2023 жылғы 03 қыркүйекте «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма Төрағасы Мағзұм Мырзағалиев Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевпен бірлесіп Маңғыстау облысының Тоқымақ жерінде тұзсыздандыру зауытының құрылысын бастады.
Жоба Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жаңаөзен қаласының тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасына сәйкес іске асырылуда.
«Ak Su KMG» ЖШС Тапсырыс беруші компанияның бас директоры Өркен Бисақаев басшылықты жобаның негізгі көрсеткіштері туралы хабардар етті.
Қуаттылығы тәулігіне 50 000 м3 тұщыландыру зауытының құрылысы Жаңаөзен халқының ауыз суға деген қажеттілігін толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Зауыт құрылысын 2024 жылдың желтоқсанында аяқтап, 2025 жылдың көктеміне қарай жобалық қуатқа шығу жоспарлануда.
Ағымдағы жылдың тамыз айында Metito LLC халықаралық компаниясы бастаған консорциуммен «СМК-Атамекен» ЖШС, «Ақ жол құрылыс» АҚ ЖШС және «Caspian HES Consulting» ЖШС бірлесіп ЕРС -келісімшарт жасалды.
Инженерлік инфрақұрылымды салу үшін зауыттар «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ — ның мұнай сервистік еншілес ұйымдары-«Кен-Құрылыс-Сервис» ЖШС, «Oil Construction Company» ЖШС, «Маңғыстауэнергомунай» ЖШС және «Қазұпимұнайгаз» филиалы атынан «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС тартылды. Тұщыландыру зауытынан Жаңаөзен қаласына дейін магистральдық су құбыры – 105 км, жоғары вольтты электр желісі – 80,1 км, газ құбыры желісі – 39,7 км, автожолды – 40 км және талшықты-оптикалық желіні салу жоспарлануда.
Нысанның құрылысы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобының өз қаражаты есебінен қаржыландырылады.