«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Маңғыстау облысындағы теңіз суын тұшыту зауытының құрылысымен танысты — AK SU KMG
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Маңғыстау облысындағы теңіз суын тұшыту зауытының құрылысымен танысты

2024 жылғы 7 қыркүйекте «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Тоқымақ жерінде орналасқан Кендірлі кентіндегі теңіз суын тұшыту зауытының құрылысының барысымен танысты. Жобаны «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы және Маңғыстау облысының 2021-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары бойынша іске асыруда.

Қуаттылығы тәулігіне 50 мың текше метр болатын жаңа зауыт Жаңаөзен қаласының халқы мен кәсіпорындарын ауыз сумен қамтамасыз етуге арналған.

Жоба бойынша барлық жұмыстар жобалау кезеңдерін көздейтін алдында бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі, құрылыстың аяқталуы 2024 жылдың желтоқсан айының соңына дейін. Сондай-ақ, 2025 жылдың наурыз айында технологиялық жабдықты монтаждауды аяқтау және 2025 жылдың мамыр айының соңына дейін оны сынау, баптау, іске қосу және тұшыту зауытын пайдалануға беруді қамтамасыз ету жоспарлануда.

Қазіргі уақытта орындалған жұмыстар:

Ұзындығы 40,1 км зауыт алаңына дейінгі автомобиль жолын салу бойынша — 53%.

Әрқайсысының ұзындығы 100,7 км екі тізбектен тұратын зауыттан Жаңаөзен қ. дейін екі сорғы станциясы бар магистральдық су құбырын салу бойынша — 57%, оның ішінде құбырды монтаждау 86 % орындалды;

Ұзындығы 82,7 км ҚС-110/10кВ 2 қосалқы станциясы бар ӘЖ-110кВ жоғары вольтты электр беру желісін салу бойынша-63%, оның ішінде электр беру желісі бойынша — 80%;

Ұзындығы 46 км газ құбырын салу бойынша құбырларды монтаждау 50% орындалды.

Ұзындығы 89 км ТОБЖ құрылысы бойынша  57% орындалды.

Тұшыту зауытының құрылыс алаңында тік жоспарлаумен жер жұмыстары толығымен аяқталды, іргелі жұмыстар толық жүріп жатыр, ол бойынша прогресс 60%-дан астамға жетті. Теміртау мен Ақтаудағы зауыттардан дайын металл конструкцияларын алаңға жөнелту жүріп жатыр, әкімшілік-тұрмыстық және қосалқы ғимараттардың металл қаңқаларын монтаждау жұмыстары басталды, ағымдағы айда негізгі цехтың бағандарын монтаждау басталады. Алаңда қабырғалық сэндвич-панельдерінің 70% қоры бар.

Негізгі цехтың дайындығына қарай 2024 жылдың қараша айынан бастап келіп түсетін технологиялық жабдықты монтаждауды бастауды жоспарлап отырмыз.

Су алу (1463 м) және су төгу (1634 м) теңіз құбырында гидротехникалық және құрылыс жұмыстары басталды: төменгі белгісі -15 м болатын сорғы станциясына шұңқыр жасалды, монолитті бетон жұмыстары үшін дайындықпен қалыптың қаңқасы орнатылуда; жалпы ұзындығы 6807 қ. м. болатын диаметрі 2х1400, 2х800, 450 және 2х125 мм құбырлардың тізбегі дәнекерленген және қазіргі уақытта теңізге түсуге және теңіз түбіне төсеуге дайындық жүріп жатыр. Түбін тереңдету флотын жұмылдыру толығымен қамтамасыз етілген.

Қазан айынан бастап алаңішілік инженерлік желілерді (электрмен жабдықтау, су құбыры, кәріз, газбен жабдықтау, жылыту, байланыс, бейнебақылау, өртке қарсы және күзет дабылы), алаңішілік және алаңаралық автожолдарды, қоршауларды орнату жұмыстары басталады.