Қоғамдық тыңдау жөнінде ақпарат — AK SU KMG
Қоғамдық тыңдау жөнінде ақпарат

Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» Қазақстан халқына Жолдауы аясындағы Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 67 тармағын орындау мақсатында және Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 96 бабының талаптарына сәйкес 2023 жылғы 20 қыркүйекте Маңғыстау облысы Қарақия ауданының Құрық ауылында және Жаңаөзен қалалық әкімшілігіне қарасты Кендірлі ауылында «Маңғыстау облысы, Тоқымақ жерінде, «Кендірлі» демалыс аймағы орналасқан жері бойынша теңіз суын тұщыландыру зауытының құрылысы» инвестициялық жобасының «Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымы нысандарының құрылысы» жұмыс жобасы бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізілді.

Қоғамдық тыңдауға Қарақия ауданы мен Жаңаөзен қаласы әкімдігінің өкілдері, Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының өкілі, «Ak Su KMG» ЖШС басшылығы, КазНИПИмунайгаз өкілдері және жергілікті тұрғындар қатысып өз пікірлерін білдірді.

 

 

 

«Ak Su KMG» ЖШС бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары О.Аяпов қоғамдық тыңдауға жиналған қауымға жоба туралы жалпы ақпаратты ұсынып, жобаның Жаңаөзен қаласы және іргелес орналасқан елді мекендердегі ауыз суы тапшылығын шешуге қосатын үлесінің зор екендігін атап өтті.

Қоғамдық тыңдауға қатысқан Қарақия ауданы мен Жаңаөзен қаласы әкімдіктерінің өкілдері және жергілікті халық жобаға өз тарапынан сенім мен қолдау білдірді.