Белгілі болғандай, 2022 жылдың 25 тамызында «Ak Su KMG» ЖШС теңіз суының тұщыландыру зауытының құрылысы «ЕРС-мердігерді жобасы үшін таңдау бойынша халықаралық конкурстың 1-ші (біліктілік алды) кезеңін жариялады, орналасқан жері: Маңғыстау облысы, Тоқымақ аймағы, «Кендірлі» демалыс орны, өнімділігі тәулігіне 50 000 м³.
Осыған байланысты, әлеуетті ЕРС-мердігерлерді қосымша ақпараттандыру мақсатында «Ak Su KMG» ЖШС бейнеконференция режимінде презентация өткізеді, онда халықаралық конкурстың 1-(біліктілік алды) кезеңін өткізу шарттарымен қосымша таныстырады.
Презентация 2022 жылғы 09 қыркүйек сағат 16:00-де (Нұрсұлтан қ. уақыты бойынша) өтеді.
Қызығушылық танытқан жағдайда конкурстық құжаттаманы алған компаниялардан тиісті сілтеме алу үшін өздерінің қатысуын тіркеуге салуды сұраймыз.
Сұраныстарды электронды пошта арқылы мына мекенжайға жіберулеріңізді сұраймыз Д.Umarov@kmg.kz, қатысушылардың толық аты-жөндері, лауазымдары, компанияның, елдің атауы көрсетіледі.
Презентация ағылшын тілінде өтіп, орыс тіліне аудармасымен өткізіледі.