2024 жылғы 14 мамырда «Ak Su KMG» ЖШС Астана қ. Мемлекеттік кірістер департаментінің Есіл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының өкілімен кездесу өткізді.
Кездесу тақырыбы:
«Кірістер мен мүліктер туралы жалпыға бірдей декларацияны тапсыру мәселелері (270.00-нысан)».
Кездесуде Астана қ. Мемлекеттік кірістер департаментінің Есіл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының өкілі Дәурен Нұрлыбекұлы Құлахметов «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодекс (Салық кодексі) шеңберінде жалпыға бірдей декларациялау жайында түсініктеме беріп, семинарға қатысушыларға 270.00 нысанындағы активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны «e-Salyq Azamat» мобильдік қосымшасында қалай толтыру және тапсыру керек екенін кезең-кезеңімен көрсетті және халықтың түрлі топтары үшін декларацияны тапсыруға қойылатын талаптарды түсіндірді.
Декларациялардың түрлері, оларда қандай ақпарат көрсетілетіні, есепті кезеңде жүргізілген мүліктік операцияларды қалай дұрыс көрсету керектігі және ел ішінде де, сол сияқты шетелде де орналасқан ақша мен мүлікті жария ету рәсімдерін оңайлату жөніндегі негізгі жайттар туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Семинар қорытындысы бойынша Д. Н. Құлахметов семинарға қатысушылардың жеке сұрақтарына жауап берді.