«Ak Su KMG» ЖШС еңбек ұжымы қайырымдылыққа бір күндік табыс мөлшерінде ақшалай қаражат жинауға бастамашы болды және бұл қаражаттар Қазақстанның бірқатар өңірлерінде су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсететін «Қазақстан халқына» қорына аударылды.
«Ak Su KMG» ЖШС еңбек ұжымы қиын жағдайға тап болған отандастарымыз үшін шын жүректен уайымдайды және барлық қазақстандықтардың бірлескен күш-жігері осы қиындықтарды еңсеруге көмектесетініне сенеді.