2024 жылдың қараша айының бірінші онкүндігінде «Ak Su KMG» ЖШС-де мына тақырыптар бойынша кезекті оқыту семинары өтті:
«ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ САЯСАТЫ»
«СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН ІШКІ ТАЛДАУ»
Семинарға Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің өкілі А. А. Аңсағанова және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ комплаенс қызметінің өкілі З. К. Мұқашева қатысты.
Іс-шара шеңберінде ҚР-ның 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың жаңалықтары айтылды, яғни, қазіргі уақытта заңнама сыбайлас жемқорлық қылмыстарды жазалау жөніндегі шараларды ғана емес, сонымен қатар оларды алдын алу бойынша белсенді шаралар қабылдауға бағытталған.
Сондай-ақ, бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күрделі мәселе болып табылатыны, бұл құбылыспен қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, барлық құралдарды пайдалана отырып қана күресуге болатыны туралы айтылды. Сыбайлас жемқорлық елеулі әлеуметтік, моральдық, экономикалық және саяси проблемаларды тудыруы, компанияның қызметіне теріс әсер етуі мүмкін.
Сонымен қатар, семинарға қатысушыларға компаниядағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша түсініктемелер берілді.
Профилактикалық әсер ету мақсатында кеңеске қатысушыларға бейнеролик көрсетілді.
Семинар қорытындысы бойынша компанияда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеуге бағытталған іс-шаралардың жалғастырылатыны анықталды.