«Ak Su KMG» ЖШС (бұдан әрі – Тапсырыс беруші), дауыс беретін акциялардың (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде меншік құқығында немесе сенімгерлік басқару құқығында «Самұрық-Қазына» АҚ-ға тиесілі заңды тұлғалар мен «Самұрық-Қазына» АҚ-ның сатып алуларын жүзеге асыру тәртібіне №13 қосымша «Аудиторлық ұйымды таңдау тәртібін» басшылыққа ала отырып, шоғырландырылған (қажет болған жағдайда) және жекелеген қаржылық есептілікті аудиттеуден өткізу бойынша қызметтерді (бұдан әрі – Қызметтер) көрсетуге арналған аудиторлық ұйымды таңдау рәсімінің өткізілетіні туралы хабарлайды. Қызметтер келесі көлемде және келесі шарттармен көрсетіледі:
- Тапсырыс берушінің атауы мен мекенжайы:
«Ak Su KMG» ЖШС, заңды және нақты мекенжайы: Астана қаласы, Д. Қонаев көшесі, 8-үй. Электрондық пошта: info@aksukmg.kz.
- Сатып алынатын қызметтердің көлемі:
Халықаралық аудит стандарттарына (ХАС) сәйкес көрсетілетін шоғырландырылған (қажет болған жағдайда) және жекелеген қаржылық есептілікті аудиттеу қызметтері. Бұл қызметтер 2025 жылға арналған, Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (ХҚЕС), Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Заңына, «Ak Su KMG» ЖШС-ның Есеп саясатына, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» АҚ-ның аудиторлық ұйымдарды тарту саласындағы Саясатына (27.05.2021 ж. «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген, №185 хаттама), сондай-ақ Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы бекіткен нормативтік құқықтық актімен белгіленген тізбе мен нысандарға сәйкес дайындалған қаржылық есептілікке қатысты аудит жүргізуді көздейді.
— 2025 жылға арналған Тапсырыс берушінің шоғырландырылған (қажет болған жағдайда) және жекелеген қаржылық есептілігіне аудит жүргізу, қаржылық есептіліктің ХҚЕС-қа барлық маңызды аспектілері бойынша сәйкестігін растайтын тәуелсіз пікір білдіру мақсатында аудит жүргізу және нәтижесінде 3 (үш) дана көлемінде теңгемен ресімделген, орыс тіліндегі аудиторлық есеп беру.
- Қызметтерді сатып алуға бөлінген сома:
11 384 800,00 (он бір миллион үш жүз сексен төрт мың сегіз жүз) теңге, ҚҚС-мен бірге, 10 165 000,00 (он миллион жүз алпыс бес мың) теңге, ҚҚС-сыз.
- Аудиторлық ұйымды таңдау рәсіміне қатысуға сұраныс көшірмелерін әлеуетті Қатысушылардың уәкілетті өкілдері электрондық форматта немесе қағаз тасығышта мына мекенжайдан ала алады: Астана қ., Д. Қонаев көшесі, 8-үй.
Аудиторлық ұйымды таңдау рәсіміне қатысуға сұраныстың электрондық көшірмесін алу үшін сұранысты ұйымның ресми бланкісінде ресімдеп, info@aksukmg.kz электрондық поштасына жіберу қажет.
Қосымша ақпарат алу үшін байланыс деректері:
— Бас бухгалтер: Рахметов Арман Набенұлы, тел.: +7 (7172) 78-65-90, эл. пошта: A.Rakhmetov@kmg.kz
— Жетекші бухгалтер: Канагатова Зарина Еділқызы, тел.: +7 (7172) 78-95-99, эл. пошта: Z.Kanagatova@kmg.kz
- Аудиторлық ұйымды таңдау рәсіміне қатысуға ниет білдірген әлеуетті Қатысушы рәсімге қатысуға Сұраныста көрсетілген талаптарға сәйкес Қызметтерді көрсетуге арналған ресми конкурс ұсынысын ұсынуы тиіс.
- Қатысушылардың ресми конкурс ұсыныстары Тапсырыс берушіге мына мекенжай бойынша мөрленген конвертте ұсынылады: Астана қ., Д. Қонаев көшесі, 8-үй.
Ресми конкурс ұсынысын тапсыру кезінде әлеуетті Қатысушылар немесе олардың уәкілетті өкілдері тиісті құжаттарды қабылдап-тапсыру актісін және ұсынысты тапсыру құқығына берілген сенімхат пен жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін ұсынуы тиіс.
Ресми конкурс ұсыныстарын қабылдау мерзімі:
Басталу уақыты: 2025 жылғы 14 шілде, сағат 09:00
Аяқталу уақыты: 2025 жылғы 13 тамыз, сағат 11:00