2026 жылғы 20 қарашада «Ak Su KMG» ЖШС-де келесі тақырыптар бойынша кезекті оқыту семинары өтті:

Семинарға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаментінің бас сарапшысы Шынболат Қазимұлы Ідірісов және ««ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ комплаенс қызметінің жетекші маманы Жарас Райымбек Мұратұлы қатысты.

Бірінші тақырып бойынша сөз сөйлеген Шынболат Қазимұлы Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 12 маусымдағы № 311-VIII «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен енгізілген өзгерістер туралы баяндады. Ол Заңның басты идеясы сыбайлас жемқорлыққа құқық бұзушылық жасалғаннан кейін ғана емес, оны алдын ала болдырмау арқылы қарсы тұру екенін атап өтті. Тәуекелдер кадрлық, қаржылық, сатып алу және өзге де басқарушылық шешімдер қабылданғанға дейін бағалануға тиіс.
Спикер мынадай негізгі бағыттарға тоқтады:
Қорытындылай келе, спикер Заңды іске асыру үшін түсіндіру жұмысын жүргізу, мүдделер қақтығысы тәуекелі жоғары лауазымдарды талдау, жеке мүдделер туралы декларацияларды енгізуге дайындалу, ішкі актілерді қайта қарау, кадр қызметтерін цифрлық кадр жүйесіне дайындау, комплаенс-қызметтердің мәртебесін талдау және басшылардың дербес бақылауын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтіп, қатысушыларды жаңа талаптарды формалды түрде емес, нақты әрі біркелкі орындауға шақырды.

Екінші тақырып бойынша сөз сөйлеген Райымбек Мұратұлы комплаенс жүйесінің функциялары мен моделіне тоқталып, оның формальдылық емес, бизнес тұрақтылығы мен серіктестер сенімінің басты шарты екенін атап өтті.
Спикер келесі негізгі мәселелерді жеткізді:
Қорытындылай келе, спикер ҚМГ еншілес ұйымдарының басшылары комплаенс-тәуекелдер үшін жеке жауапты болатынын ескертті.
Профилактикалық әсер ету мақсатында семинарға қатысушыларға бейнероликтер ұсынылды.

Семинар қорытындысы бойынша компанияда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеуге бағытталған іс-шаралар жалғастырылатыны айқындалды.