Жаңаөзен қаласында кеңселік үй-жай сатып алуға коммерциялық ұсыныстар сұрату
«Ak Su KMG» ЖШС Жаңаөзен қаласында кеңсе ғимаратын сатып алу мүмкіндігін қарастырып, мүдделі тұлғаларды тиісті коммерциялық ұсыныстарды жіберуге шақырады.
Үй-жайға қойылатын негізгі талаптар:
Орналасқан жері: Жаңаөзен қаласы, 1, 2, 3, 3а, Мұнайлы шағын аудандары.
Қабаттылығы: жертөле үй-жайы бар кемінде 2 қабат.
Ортақ пайдаланылатын:
Жалпы ауданы — 350 м² кем емес және 450 м² артық емес .
Үй-жай мен жер учаскесi жеке меншiкте болуға және кепiлде немесе ауыртпалықта болмауға тиiс.
Үй-жайлардың құрамы: жұмыс кабинеттері, кемінде 5 кабинет, оның ішінде қабылдау бөлмесі бар басшының кабинеті, конференц-зал, мұрағаттық үй-жайлар.
Тұрақ: кемінде 5 автомобильге.
Жағдай: үй-жайлар жиһазбен (басшыға арналған жиһаз, қабылдау бөлмесі, жиналыс залы, жұмыс орындары және т.б.) жабдықталуы тиіс.
Құрылымдық элементтер:
Каркас — монолитті т/ж немесе металл бағаналар.
Сыртқы қабырғалары — цемент-құм блоктары/кірпіш қалау/газ блоктары/ұлутас блоктары.
Терезелер — пластикалық/алюминий.
Едендер — керамикалық плитка/кілем/ламинат.
Инженерлік жүйелер:
Электрмен жабдықтау: 3 фазалы.
Су құбыры: шаруашылық-ауыз су, ПВХ құбырлары.
Су бұру: орталық кәріз немесе септик.
Жылыту: орталық/газ, биметалдық радиаторлары бар бір құбырлы жүйе.
Желдеткіш: сору-сыртқа тарату.
Кондиционерлеу: барлық кабинеттерде ауаны қыздыру және салқындату жүйесі.
Өртке қарсы сигнал беру.
Қауіпсіздік жүйесі:
Кіруді бақылау және басқару.
Күзет дабылы.
Бейнебақылау.
Аумақты абаттандыру:
Жабыны: брусчатка/асфальтбетон.
Көгалдандыру: ағаштар, гүлзарлар.
Сыртқы жарықтандырудың болуы.
Ұсыныстарды беру шарттары:
Ұсыныстар 2025 жылғы 20 наурызға дейін қабылданады.
Ұсыныста мыналарды көрсету қажет:
Жоғарыда көрсетілген талаптарды ескере отырып объектінің сипаттамасы
Сату шарттары және құны.
Үй-жайды және жер учаскесiн иелену құқығына қатысты ақпарат.
Байланыс ақпараты.
Коммерциялық ұсыныстар «Кеңсені сатуға коммерциялық ұсыныс» хаты тақырыбымен info@aksukmg.kz электрондық поштасына жіберілсін.
Барлық сұрақтар бойынша +7 7172 786 597 телефонына хабарласуға болады.