«Ak Su KMG» ЖШС (бұдан әрі – Тапсырыс беруші),
«Самрук-Қазына» АҚ мен дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығымен тікелей немесе жанама түрде «Самрук-Қазына» АҚ-ға тиесілі заңды тұлғалардың сатып алуды жүзеге асыру тәртібіне №13 «Аудиторлық ұйымды таңдау тәртібі» қосымшасын басшылыққа ала отырып, жеке қаржылық есептілікке аудит жүргізу бойынша қызметтерді (бұдан әрі – Қызметтер) көрсету үшін келесі көлемде және келесі шарттарда Аудиторлық ұйымды таңдау процедурасын өткізу туралы хабарлайды:
- Тапсырыс берушінің атауы мен мекенжайы:
«Ak Su KMG» ЖШС, заңды мекенжайы: Ақтау қ., 14-шағын ауданы, 70-ғимарат, іс жүзіндегі мекенжайы: Астана қ., Д. Қонаев көшесі, 8-ғимарат.
Электрондық поштасы: info@aksukmg.kz.
- Сатып алынатын қызметтердің көлемі:
Халықаралық аудит стандарттарына сәйкес көрсетілетін жеке қаржылық есептілікке аудит жүргізу бойынша қызметтер Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (бұдан әрі – ХҚЕС), Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Заңына, «Ak Su KMG» ЖШС Есеп саясатына, «Самрук-Қазына» АҚ-ның Аудиторлық ұйымдардың қызметтерін тарту саласындағы саясатына («Самрук-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Директорлар кеңесінің 2021 жылғы 27 мамырдағы №185 хаттамалық шешімімен бекітілген), сондай-ақ Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органының нормативтік актісімен бекітілген тізбеге және нысандарға сәйкес дайындалған Тапсырыс берушінің 2026 жылға арналған жеке қаржылық есептілігіне аудит жүргізуді көздейді және төмендегіні қамтиды:
— барлық маңызды аспектілер бойынша ХҚЕС-қа сәйкес қаржылық есептіліктің жасалу дұрыстығы туралы тәуелсіз пікір білдіру мақсатында орыс тілінде теңгемен 3 (үш) дана мөлшерінде аудиторлық есепті шығара отырып, Тапсырыс берушінің 2026 жылға арналған жеке қаржылық есептілігіне аудит жүргізу.
- Қызметтерді сатып алу үшін бөлінген сома:
ҚҚС-пен 11 500 000,00 (он бір миллион бес жүз мың) теңге, ҚҚС-сыз 9 913 793,10 (тоғыз миллион тоғыз жүз он үш мың жеті жүз тоқсан үш) теңге 10 тиын. Әлеуетті Қатысушылардың уәкілетті өкілдері Аудиторлық ұйымды таңдау процедурасына қатысуға сұраныстың көшірмелерін электронды түрде немесе қағаз жеткізгіште мына мекенжай бойынша ала алады: Астана қ., Д. Қонаев көшесі, 8-ғимарат.
Аудиторлық ұйымды таңдау процедурасына қатысуға сұраныстың көшірмесін электронды түрде алу үшін ұйымның ресми бланкісінде ресімделген тиісті сұраныстың электрондық көшірмесін info@aksukmg.kz электрондық поштасына жіберу қажет.
Толығырақ ақпарат алу үшін байланыстар:
— Бас бухгалтер Рахметов Арман Набенович, тел. +7 (7172) 78-65-90, эл. пошта: A.Rakhmetov@kmg.kz;
— Жетекші бухгалтер Қанағатова Зарина Эдильевна, тел. +7 (7172) 78-65-99, эл. пошта: Z.Kanagatova@kmg.kz
- Таңдау процедурасына қатысуға тілек білдірген әлеуетті Қатысушы: Таңдау процедурасына қатысуға сұраныста көрсетілген талаптарға сәйкес Қызметтерді көрсетуге ресми конкурстық ұсынымды ұсынуы тиіс.
- Қатысушылардың ресми конкурстық ұсынымдары Тапсырыс берушіге желімделген конвертте мына мекенжай бойынша ұсынылады: Астана қ., Д. Қонаев көшесі, 8-ғимарат.
Әлеуетті Қатысушылар немесе олардың уәкілетті өкілдері ресми конкурстық ұсынымды ұсынған кезде тиісті құжаттарды қабылдау-тапсыру актісін, сондай-ақ әлеуетті Қатысушының мүддесін білдіретін тұлғаларға ресми ұсынымды ұсыну құқығына берілген сенімхатты жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесімен бірге ұсынуы тиіс.
Ресми конкурстық ұсынымдарды қабылдау мерзімі:
Басталу мерзімі: 2026 жылғы 19 тамыз сағат 09:00.
Аяқталу мерзімі: 2026 жылғы 18 қыркүйек сағат 11:00.